KZ
Өскемен
+9°
небольшой проливной дождь жел 8 м/с, З
442.05 474.14 4.74

Жапония Парламенті ядролық арсеналдан бас тартқаны үшін Н.Назарбаевтың кандидатурасын Нобель сыйлығына ұсынады

28.08.2012, 18:00 142


Семейде Полковничий аралында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 21 жыл толуына арналған 13 мың адам қатысқан митингі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Митингіге қатсушылар алдында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау сөз сөйледі. «20 жылдан астам уақыт өтті. Бірақ та қатерлі сынақтардың халыққа келтірген зардаптарының орны толмайды... Радиацияға ұшыраған біздің отандастарымыздың жалпы саны миллион адамнан асады. Полигон сұмдығы - Қазақстанның ұлттық трагедиясы», деді әкім.

«Шығысқазақстандықтар - Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларының белсенді жақтаушылары, - деп атап көрсетті ШҚО басшысы. - Ядролық сынақтарды тоқтату, Семей полигонының жабылуы, ядролық арсеналдан бас тарту, Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ деп жариялау, Мемлекет басшысының 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы қимылдың халықаралық күні деп жариялауы - міне бұл оқиғалардың бәрі Семей полигонымен байланысты».

Б.Сапарбаев шетелдік әріптестер - АҚШ, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Италия, Швейцария және басқа да мемлекеттер үкіметтеріне, БҰҰ Даму бағдарламасына, Еуропалық комиссияға Семей аймағының халқы мен экологиясын сауықтыруға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Митингіде сөз сөйлегендер Қазақстанның және оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлем құрудағы үлесін жоғары бағалады. Жапония Парламентінің депутаты Хироюки Мирояманың мәлімдеуінше, қазіргі кезде ол және оның әріптестері Н.Назарбаевтың кандидатурасын ядролық қарудан бас тартып, полигонды жабудағы батыл шешімі үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынуда.

Жиналғандар сондай-ақ негізгі идеясы адамзатты бейбітшілік пен достыққа шақыру болып табылатын бірегей Бейбітшілік Мұражайының болашақ құрылысы орнына капсула салуға қатысты. Мұражай алақанда орналасқан шар тәріздес 5 қабатты ғимарат болады. Диаметрі - 24 метр, биіктігі - 34 метр. Мұражай ғимаратында көрме павильондары, кинозал, мәжіліс залы, сарқырамасы, Қазақстанның флорасы бар қысқы бақ және панорамалық алаң орналасады.

Митинг «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» халықаралық конференциясының аясында өтті, оған әлемнің 75 елінен келген парламент және үкімет өкілдері және 20-дан астам халықаралық және қоғамдық ұйымдар, республикалық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысуда.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив