KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Бүкіл адамзаттың мүддесін көздейді

18.03.2012, 18:00 165


Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Курчатовта өткен халықаралық конференцияға қатысушыларға ҮНДЕУІ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 17-наурызда Курчатов қаласында өткен «Жаңа ұрпақ – ядролық қарусыз әлем үшін!» халықаралық конференциясына қатысушыларға Үндеу жолдады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оның атынан құттықтауды Президент жанындағы жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі Комиссияның төрағасы Қанат Саудабаев оқып берді.

«Жаңа ұрпақ – ядролық қарусыз әлем үшін!» халықаралық конференциясына қатысушыларға!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап ядролық қарудан еркін әлем құру бағытын табанды түрде ұстанып келеді.
Семей сынақ полигонын жабу, әлемдегі төртінші ракеталық-ядролық арсеналдан бас тарту, ядролық қарусыз идеясын белсенді түрде ұсыну – бұл біздің мемлекетіміздің ядролық қарусыздану үдерісіне қосқан ауқымды үлесі.
Біз ядролық қауіпсіздікті үш тұтас бірлік ретінде қарастырамыз. Бұл адамзатты ядролық қарудан қорғау ғана емес, сондай-ақ, әлеуетті ядролық терроризмге қарсы тұру, атом энергетикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстан «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұй-ымының игі мақсатын қолдайды. «Арман–2020» кампаниясы мен «Қалаларды соққылардың нысанына айналдырмаңдар!» жобасы үшін қол жинауға байланысты азаматтық қозғалыс азаматтардың белсенділігін арттырудың, ақ ниетті барлық адамдарды ядролық қарусыз әлем идеясының төңірегіне біріктірудің маңызды құралы болып табылады.
Сіздердің конференцияларыңыздың Шығыс Қазақстан облысында өтуі өте маңызды. Нақ осы өңірде атом сынағы тоқтатылды; Орталық Азия ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды; 29-тамызды Халықаралық ядролық сынақтар-
ға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау бастамасы ұсынылды.
Конференцияға қатысушылардың барлығына жемісті жұмыс, бейбітшілік, қауіпсіздік және ынтымақтастық идеясын алға жылжытуда табыстар тілеймін!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив