KZ
Өскемен
+32°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
471.46 504.79 5.53

Бүгін Астанада олимпиадашыларға құрмет көрсетуге арналған салтанатты шара өтеді

16.08.2012, 18:00 96


Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Лондон Олимпиадасына қатысқан Қазақстан ұлттық құрамасына құрмет көрсетуге арналған салтанатты шара өтеді.

Тұманды Альбионда қазақстандық құрама жалпы 13 медальді қанжығаға байлады. Оның ішінде жетеуі алтын, 1 күміс және 5 қола жүлде бар. Ресми емес командалық есепте Қазақстан спортшылары (алтын саны бойынша) 12-ші орында тұғырланды. Айта кетейік, 2008 жылдағы Бейжің Олимпиадасымен салыстарғанда көрсеткіш айтарлықтай артып отыр.

Биылғы Олимпиадада 11 орында тұрған Жапонияда 7 - «алтын», 14 - «күміс», 17 - «қола», сондай-ақ 10 орындағы Австралия 7 - «алтын», 16 - «күміс», 12 - «қола» медальді еншіледі.

Қазақстан қоржынына алтын наградаларды велошабандоз Александр Винокуров, ауыр атлетшілер Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, жеңіл атлетші Ольга Рыпакова, зілтемірші Илья Ильин, боксшы Серік Сәпиев салды.

Ал «күміс» медальді құрама еншісіне былғары қолғап шебері Әділбек Ниязымбетов алып берді. Еліміз үшін қола наградаларды грек-рим күресінің балуаны Данияр Гаджиев, әйелдер боксында Марина Вольнова, еркін күрестен Гөзел Манюрова, боксшы Иван Дычко және еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаров жеңіп алды.

Бүгін Астанада Олимпиада құрамасына құрмет көрсетуге байланысты бірқатар көшелердегі қозғалысқа шектеу қойылады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив