KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Боксшыларымыз – үздік төрттіктен табылды

25.03.2012, 18:00 145


Германияның Галле қаласында бокстан өткен «Chemistry Cup 2012» деп аталатын халықаралық жарысқа ел спортшылары да қатысты.

Былғары қолғап шеберлері арасындағы бәсекеде қазақ боксшылары Серік Сәпиев (69 келі) алтын медальды жеңіп алды. Қарсылас шыдатпаған Серік шешуші бәсекеде Германия боксшысы Араик Маритжанды ұтып, бұл жарысқа нағыз бабында келгенін байқатып, жат елде жақсы әсер қалдырды. Ғани Жайлауов (60 келі) өкінішке қарай, бразилиялық Робсен Госейкаоға жол беріп, күміс медальға ие болды. Ал 76 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Данабек Сужанов швейцариялық Дэвид Парасиді 17:4, ирландиялық Даррен О Нэйлді 14:9 есебімен жеңіп, келесі кезеңге шыққан болатын. Данабек жартылай финалда бразилиялық Эскуиба Фалькаоға есе жіберіп, қола медальды қанағат тұтты. Сондай-ақ, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов те ресейлік Егор Мехотцевпен айқасқа түсіп, қола жүлдемен шектелді.
Жарыстың екінші айналымынан кейін қарсыластарынан ұтылып қалған Қанат Әбутәліпов пен Иван Дычко көрермендер қатарын толықтыруға мәжбүр болды.
Жарыс қорытындысында үздік төрттікке енген мемлекеттердің спортшылары: Ресей – 4 алтын, 1 күміс, 2 қола, Германия – 2 алтын, 2 күміс, 4 қола, Бразилия – 1 алтын, 2 күміс, Қазақстан – 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарды еншіледі.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив