KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Өскемендегі мешіт құрылысында глубокоеліктер екі күн еңбек етті

1.08.2012, 18:00 156


Өскемен қаласында, Ертіс өзенінің сол жағалауында салынып жатқан мешіт құрылысы аяқталуға таяу. Алдын ала межеленген жоспар бойынша алдағы 20 күнде ел игілігіне берілмек, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Бірнеше жыл бұрын басталған бұл ғибадатхананың құрылыс жұмысын тездетіп бітіру үшін аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ өңірдегі кәсіпкерлерді, қалталы азаматтарды, мемлекеттік қызметшілерді, барша азаматтарды ортақ іске шақырған еді. Нәтижесі жаман емес. Бүгінде осы құрылысқа облысымыздың барлық аудандары атсалыса бастады.

Шілде айының соңғы екі күнінде мешіт құрылысына Глубокое ауданындағы мемлекеттік қызметкерлер де көмектесіп қайтты. Бірінші күні құрылыста 70 глубокоелік жұмыс істесе, екінші күні 100-ден астам азамат келіп, өз үлестерін қосты.

– Азаматтардың көбі өзге ұлт өкілдері болады. Бәрі өз еріктерімен келіп, белсенді еңбек етті. Бұл біздің еліміздегі ұлттардың ынтымағы мен берекесінің бірден-бір белгісі болса керек, – дейді аудан әкімінің орынбасары Сейіл Шуашбаев.

Мешіттің басына глубокоеліктер келген күні құрылыста басқа да еріктілер қатары өте көп болғанын айта кеткен жөн.

Глубокое ауданының азаматтары ірі қара сойып, құрылыс басында жүрген 400-ден астам жұмысшыға түстік ас берді және құран оқытты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив