KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Аудандық құрылыс бөлімдері қайта құрылды

12.08.2012, 18:00 172


Облысымыздың сәулет және қала құрылысы саласында оң өзгерістер мен жағымды жаңалықтар жетерлік. Соның бірі - бір кездері аудандар мен қалалар әкімдіктерінің қысқарып қалған бөлімдерінің қайта ашылуы деуге болады.

Соңғы жылдардағы құрылыс жұмыстарының қарқын алуы сәулет және қала құрылысы бөлімдерін қайта қалпына келтірудің қажеттігін анық байқатқан болатын.

– Облыс Әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауының арқасында ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап осы бөлімдер қайтадан ашыла бастады. Бөлімдер әуелі Зайсан, Тарбағатай, Зырян аудандарында құрылды, – дейді осы орайда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Аманбай Нұркенов.

Аудандық, қалалық бөлімдердің ашылуымен бірге елді мекендердің бас жоспарларын жасап, бекіту жұмыстары да жандана түсіпті. Қазір облысымызда төрт қаланың және он шақты аудан орталығының бас жоспарлары бекітілген болса, ағымдағы жылдың аяғына дейін Аягөз, Зайсан қалалары мен Қалбатау ауылының, ал 2013 жылы Көкпекті, 2015 жылы Зырян қаласының жаңа бас жоспарлары бекітілмек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив