KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, З
478.16 534.92 5.18

Тірек ауылдардың бас жоспарлары жасалады

13.08.2012, 18:00 105


Облысымызда тірек ауылдар мен шағын қалаларды дамыту жобаларының іске асып жатқаны белгілі. Осыған орай атқарылар жұмыстар қатарында Семей қаласы мен Аягөз, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Зырян, Күршім, Көкпекті, Ұлан аудандарының 27 тірек ауылдарының бас жоспарларын жасап, бекіту де қарастырылған. Ол үшін жергілікті бюджеттерден тиісті қаржылар бөлініпті.

Оған қоса облыстық және аудан-дық маңызы бар он қаланың аумағын анықтау бойынша да жұмыстар атқарылуда.

– Басқарма мамандары осы жұ-мыстардың барысына бақылау жасап, аталған шараның мақсаты мен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің мәнін және оған атсалысу қажеттігін түсіндіру мақсатында тірек ауылдарында болып, тұрғындардың ұсыныстарына ден қойды, – дейді осы орайда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Аманбай Нұркенов. – Жұртшылық бұл бастаманы жылы қабылдап, ауылдарды абаттандыруға өз үлестерін қосып жатыр. Осы орайда айтылған барлық ұсыныстар мұқият ескерілетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив