KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Кәсіпкерлер жобаларын жүзеге асыруға кірісті

12.08.2012, 18:00 140


Кәсіпкерлікпен айналысуды қалаған азаматтар несие алып, ауыл ішінде өз істерін бастап та кетті. «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы ұсынған мүмкіндікті пайдаланып, үш миллион теңге несие алған Абай Жанжігітов жекеменшік үйін наубайханаға лайықтап жөндеп, нан пісіретін пешті, қамыр илегішті, темір үстелдер мен сәкілерді дайындап қойды. Көршілес ауданның кәсіпкерлерімен ұн, ашытқы, өсімдік майын, қант, жұмыртқа жеткізіп беру туралы келісім жасады. Пеш сағатына 72 бөлке нан пісіруге арналған. Бір ауысымда 500 бөлке нан, 700 бөлке тоқаш пісіруді жоспарлап отырған Абай нан пісірушілерді Теректідегі наубайханаға апарып үйретіп, осы айда бұл істі бастамақшы.

Қайрат Қожанов жолаушы тасымалдаумен айналысуды ұйғарып, жалпы айналымы 385 шақырымды қамтитын Қарой – Өскемен бағыты бойынша Қайнарлы, Ақбұлақ, Егіндібұлақ, Қаратоғай, Күршім ауылдары арқылы жүретін автобус маршрутын ашпақшы. Бес миллион теңге несие берілсе, соған шағын автобус сатып алмақ ойда. Кәсіпкер Гүлнар Райымханова өз дүкенінің бос тұрған бір жақ бөлігінен 20 орындық дәмхана ашу жобасын жүзеге асыруға кірісті. Осы округте ауыл әлеуетін арттыру мақсатында өз еңбектеріне сүйене отырып, табысты жұмыс істеп келе жатқан тұрғындар саны барған сайын өсіп келеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив