Боран ауылында жақында наубайхана ашылады. Бұл бастаманы Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз Шәке Кәкім қолға алуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
2,5 миллион теңге несиеге қол жеткізген ол осындағы ескі дүкен ғимаратын сатып алып, толықтай жөндеу жүргізді.
Қытайдан үш электр пеші, үш қамыр илейтін құрылғы, шкафтар жеткізілді. Барлық шаруаға атсалысып жүрген Кєкімнің інісі Қуаныш єр пештің 90 бөлке нан шығара алатынын мєлімдеп отыр. Демек, олар нанмен бүкіл ауылды қамтамасыз ете алады.
Наубайхананың ашылуы бір жарым мың тұрғыны бар ауылдың басты проблемаларының бірін шешетіні сөзсіз. Бұған дейін борандықтар нан сатып алу үшін Қалжырға шапқылайтын еді. Енді Боранның өз наны болады. Сол себепті наубайхананың ашылуын Кєкімнің отбасы ғана емес, бүкіл ауыл жұрты асыға күтіп отыр.
Ғимаратқа жөндеу жұмыстары жасалып бітті, енді оны электр жүйесіне қосу ғана қалды. Қазіргі уақытта аудандағы энергетика мамандарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.