KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Қадір түнінің қасиеті неде?

5.08.2012, 18:00 179


– Айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айының әрбір күні мұсылмандар үшін ерекше екені белгілі. Ал, соның ішінде жамағаттың тағатсыздана күтетін Қадір түні туралы мағлұмат бере кетсеңіздер екен.

Мейіргүл

Бұл сұрақтың жауабы ғаламтор материалдары бойынша әзірленді:

– Жалпы, мұсылман әлемінде қасиетті кештер мен айтулы күндер жетерлік. Соның ішіндегі ең маңыздысы әрі бірегейі – қасиетті Рамазан айындағы Қадір түні. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз», «өлшем» деген мағыналарды білдіреді, сонымен қатар «құдірет» мағынасын қамтиды.

Қадір кеші – адамзаттың ақ пен қараны айыратын түні және барлық жақсылық атаулының бас-тауы, қайнар көзі болып саналатын қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған түн. Қадір кеші жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед салаллаһу әлайһи уасаллам: «Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, Ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді» десе, тағы бір хадисінде: «Кім қадір түнін сенімімен, артының қайырлы болатынынан үміт артып өткізсе, оның бұрынғы барлық күнәсі кешіріледі» деген.

Қадір түні Рамазан айының соңғы онкүндігінің бірінде өтеді. Ислам ғұламаларының пәтуасы бойынша, Қадір кеші Рамазан айының 26-сынан 27-сіне қараған түні деп белгіленген. Осы кеште барлық періште-лер жер бетіне ізгі амалдар үшін жіберіледі. Бұл кеш – жасаған әрбір ізгі амалдар мен құлшылықтардың, қайырымды істердің сауабы мың еселеп жазылатын түн. Және де мың айдың сауабын нәсіп етеді. Құранның «Қадір» сүресінде бұл айдың мың айдан қайырлы екендігі кеңінен айтылған. Ал мың ай 83 жыл, 4 айға тең. Бұл бір адамның өмір бойы Алла тағалаға құлшылық етуімен пара-пар мәселе. Қадір түнінде мұсылмандар топ-топ болып, жамағатпен бірге жергілікті мешіттерде имамдардың уағыздарын тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, көптеген ізгілікті амалдардан үйреніп, таң сәресіне дейін құлшылықпен өткізгені дұрыс.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив