KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Бүгін маусымның 11-інен 12-іне қараған түн - Қадыр түні

11.06.2018, 03:20 200

Қасиетті Рамазан айы аяқталып келеді. Бүгін маусымның 11-інен 12-іне қараған түн - мың айдан да қайырлы - Қадір түні.


Қасиетті Құранда Алланың өзі: «Қадір түні мың айдан да қайырлы!» дейді. Әлемдегі ең құдіретті кітап - қасиетті Құранның ең алғашқы аяттары адамзаттың асыл тәжі - ең соңғы Пайғамбарға дәл осы түні түсе бастады! Адамзат тарихындағы ең қасиетті оқиға басталған түн өзіне дейінгі және өзінен кейінгі ақыретке дейінгі күндер мен түндерден, айлар мен жылдардан қайырлы десек те, қателесе қоймаспыз.


Қадыр кешінің уақыты күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады. Бұл түннің ғибадаттарын мұсылмандар мешіттерде де, өз үйлерінде де атқара алады.


Еске салайық, биыл 17 мамырда басталған Ораза айы 14 маусымға дейін жалғасады. 15 маусым (жұма) күнi Ораза айт мейрамы басталады. Пітір садақа құны бір адамға - 300 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив