KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Өскеменде сапасыз жұмыс сынға алынды

31.07.2012, 18:00 84


Комендантка өзенінің арнасында атқарылған жұмыс жұрт көңілінен шықпай тұр. Мұндағы құрылыс қала басшылығы тарапынан «сапасыз» деген бағаға ие болды, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев облыс орталығын аралау барысында «Құрылыс» мердігерлік компаниясының жұмысына көңілі толмайтындығын айтты.

– Мұндай сападан жұрдай жұмыс-ты біз қабылдай алмаймыз, құры-лысқа бюджет қоржынынан қыруар қаржы жұмсалды. Нәтижесінде қала тұрғындары зардап шегіп отыр,– деді Серік Тәукебаев.

Ал қалалық ТҮКШ бөлімінің хаттамасына жүгінсек, біткен істің көп қаржыны қажет ететін ақаулы жерлері аса көп емес, оны жылдамдатып ретке келтіруге болатын көрінеді.

Тамызға дейін мердігер компания жіберген барлық кемшіліктерін түзететінін айтты. Олай етпеген жағдайда қала басшылығы аталмыш компанияны мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушысы ретінде танитындарын ескертті. Мұндай қара «таңбасы» бар компания бюджеттік нысандарда жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив