KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

RADIO ALTAY жаңалықтары - 01 тамыз 2012 жыл

31.07.2012, 18:00 121


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Өскеменде терможаңғырту бағдарламасы арқылы көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстары жалғасуда. Былтыр 83 тұрғын үй жөнделген. Айта кету керек, республика аумағында терможаңғырту бойынша Өскемен қаласы алдыңғы қатарда тұр.

Облыстың білікті дәрігерлері бар кешенді медициналық бригада Абай ауданының Қасқабұлақ ауылында болып, 350 тұрғынды тексеруден өткізді. Алдағы уақытта бұл бригада осы ауданының басқа да ауылдарына барып, тұрғылықты халықтың денсаулығын бақылау жұмыстарын жалғастыра бермек.

Бесқарағай ауданындағы тірек ауылдарының бірі Семияр ауылы бойынша 15 жоба әзірленіп, 498 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Соның ішінде ауылшаруашылығы саласы бойынша 4 жоба дайындалды. Іске асырылғанда 28 жұмыс орны ашылмақ.
Курчатов қаласында Қазақстанның жоғары оқу орындарында және колледждерде, сондай-ақ, шетелдерде білімін жалғастырып жатқан түлектермен кездесу өтті. Кездесуде Ұлттық ядролық орталығының және Ядролық технологиялар паркінің өкілдері кәсіпорындардың қызметімен таныстырып, жас мамандарға көрсетілетін мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туралы айтып берді.

Бородулиха ауданы Песчанка ауылының ішіндегі жолдар сын көтермейтін жағдайда болатын. Осыған орай көшелерге 560 тонна қиыршық тас төселіп, тегістелді.

Семейдегі лингвистика және компьютерлік технологиялар мектебінен «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа балабақша ашылатын болды. Қазір осы балабақшаға берілген екі қабатты ғимаратта толығымен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Нұрдәулет» бала бақшасы 210 орынға негізделген. Бұл балабақшадағы әр топқа 25-30 баладан қабылданбақ.



Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар

Өскемендегі салынып жатқан мешіттің құрылысына Зайсан ауданынан 65 адам келіп, сауапты іске бел шеше араласты. Ертеден қара кешке дейін құрылыс басында жұмыс істеген зайсандықтар бұл ғимараттың іске қосылу мерзімін жақындата түсті.

Риддер қаласының Республика алаңында Шығыс Қазақстан облысының 80-жылдығына және Мұхтар Әуезовтың 115-жылдығына арналған Бесқарағай ауданының мәдени күні өткізіліп, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, балалар үйіне қайырымдылық көмек ретінде 2 тонна картоп пен көкөніс, жеміс-жидектер табысталды. Бұл іс-шара Мәдениет сарайында аудан көркемөнерпаздар ұжымының думанды гала-концертімен аяқталды.

Шемонайха ауданы Зевакино ауылының төңірегіндегі өз егістігінде «Иртыш Танур Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатып әкелген жаңа суарғыш құрылғылардың тұсаукесер рәсімін өткізді. Құрылғыны көруге Бесқарағай, Бородулиха аудандарындағы шаруашылықтарының өкілдері де келді. Суарғыштың тағы бір артықшылығы, оның көмегімен алқаптқа тыңайтқыштар енгізуге болады.

Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында «Ауылдың гүлденуі–Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасының екінші туры өтті. Акцияға мектеп оқушылары және студенттер қатысты. Олар орталық көшедегі екі қабатты үйлердің жалпы ұзындығы 140 метрді құрайтын ауласын жаңа шарбақтармен қоршады.

Өскемендегі Комендантка өзенінің арнасында атқарылған жұмыс жұрт көңілінен шықтай тұр. Мұндағы құрылыс қала басшылығы тарапынан «сапасыз» деген бағаға ие болды. Қазіргі уақытта «Құрылыс» мердігерлік компаниясы жіберген барлық кемшіліктерін түзету жолында жұмыс істеп жатыр.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив