KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Жалған анықтама бергендер жазаға тартылмақ

17.07.2012, 18:00 169


Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ірі қара малдың дені сау деген жалған анықтама беріп, сол қызметі үшін пара алды деген күдікпен Жарма ауданының ветеринарлық инспекторларын қамауға алды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Ресми деректерге сүйенсек, ветеринарлық инспекторлар Жарма ауданы, Қапай батыр ауылындағы ірі қара малдың сарыпқа ұшырағанын біле тұра ауруы жоқ деген жалған анықтама берген. Көрсетілген факті бойынша ветеринарлық инспекторларға қатысты Қылмыстық Кодекстің 311-бабының, 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

– Тергеу алды тексеріс барысында ағымдағы жылдың наурыз айында Жарма ауданы, Қапай батыр ауылынан жұқпалы дертке шалдыққан ірі қара малдың еті ветеринарлық инспекторлардың берген жалған анықтамасымен облыстағы сауда орындарында сатылып кеткені анықталды, – дейді департамент өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті департаментінің ақпаратына қарағанда, біздің облыс елімізде сарып ауруына шалдыққан адамдар саны бойынша 6-орында екен. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыста Өскемен, Тарбағатай және Ұлан аудандарында аталған жұқпалы індет анықталған.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив