KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Ұлан ауданында балаларға арналған өлеңдер кітабының тұсаукесері өтті

30.06.2012, 18:00 136


Ұлан ауданы Бестерек ауылындағы мектепте осы білім ордасының байырғы ұстазы Гүлмай Сембайқызының «Балғын ұрпақ-бақытым» атты балаларға арналған өлеңдер кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Бұл шығарма Гүлмай апайдың білім беру саласындағы көп жылғы қажырлы еңбегінің және шығармашылық ізденісінің жемісі десе де болады.

Мектеп мұғалімі Мергүл Шақабаеваның ұйымдастыруымен әр сыныптан жиналған балалар тобы көрермендерге арнап Гүлмай Сембайқызының өлеңдерін оқыды және сол өлеңдер желісімен әзірленген бірнеше сахналық көріністерді орындады. Кеш тартымды өтті, жиналған қауым Гүлмай апайдың өлеңдеріне жоғары баға берді. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Құрметті журналист Мұрат Әміренов, осы кітаптың жарық көруіне жәрдемдескен «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан аймақтық қорының» директоры Сәкен Ғайса сөз сөйлеп, жас ұрпақты ибалы, әдепті адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудегі мән-мағынасы бар, ұлттық салт-дәстүр негізге алынған өлеңдер жинағы туралы жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив