KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Болатбек Төлепбергеннің "Қасиеттім - Желтоқсан!" атты кітабының тұсаукесері болды

23.12.2012, 18:00 219


Бүгін Астана қаласында Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты кітабының тұсаукесері болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кітапта автор желтоқсан оқиғасының себептеріне талдау жасауға тырысқан. Б.Төлепберген оқырмандардың назарына бұрын белгісіз болып келген фактілерді ұсынады. Сонымен қатар 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында алаңға шыққан жастардың тізімі мен суреттері басылған.

Кітаптың жарық көруіне Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, желтоқсан оқиғасына қатысқан Нұртай Сабильянов демеушілік жасады.

Болатбек Төлепберген ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, мемлекет қайраткері, «Дарын» сыйлығының иегері, философия ғылымдарының кандидаты.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив