KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Шығыс Қазақстанға асыл тұқымды ірі қара әкелінеді

21.06.2012, 18:00 102


Біздің облыста етті мал шаруашылығы жобасын іске асыру және ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасып келеді, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Өткен жылы 1023 бас өнімділігі жоғары асыл тұқымды ірі қара малы шетелдерден жеткізілді. Сондай-ақ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5915 ұрғашы мал сатып алынды. Біздің облыста мал тұқымының сапасын жақсарту үшін 847 етті тұқымды бұқалар күтіліп, бағылуда.

Қазіргі уақытта бес асыл тұқымды зауыт және 15 шаруашылық ірі қара санын кө-бейтумен айналысуда.

Биыл біздің аймаққа ет бағытындағы асыл тұқымды 3646 бас ірі қара малын алыс шетелдерден әкеледі. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші кезеңі аясында ауылдардың тұрғындарына шағын несие беру арқылы кәсіпкерлікті дамытып, асыл тұқымды мал өсіру бағытындағы жұмыстар кеңінен өріс алып келеді. Биыл маусым айынан бастап ауыл шаруашылығында жаңа бизнес жобаларын қаржыландыру басталды. Алдын ала деректер бойынша екі миллиард теңге қаражат бөлу қарастырылып жатыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив