KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

RADIO ALTAY жаңалықтары - 25 маусым 2012 жыл

24.06.2012, 18:00 112


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Шығыс Қазақстан облысында етті мал шаруашылығы жобасын іске асыру және ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасып келеді Өткен жылы 1023 бас өнімділігі жоғары асыл тұқымды ірі қара малы шетелдерден жеткізілді. Сондай-ақ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5915 ұрғашы мал сатып алынды. Осы облыста мал тұқымының сапасын жақсарту үшін 847 етті тұқымды бұқалар күтіліп, бағылуда.

Жарма ауданындағы М. Әуезов кенті тұрғындары алдағы қыста жылу мен суға аса алаңдамайды. «Бақыршық тау-кен кәсіпорынның коммуналдық қызметі қазір кенттегі суық су құбырының жарамсыз болған 200 метрін жаңалап жатыр.

Бородулиха аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығы 2011-2012 оқу жылын қорытындылау мақсатында тыңдаушыларды сертификаттау рәсімін өткізді. Мемлекеттік тілді оқуға барлығы 255 адам тартылған.

Білім және ғылым министрлігінің ұйғарымы бойынша осы айдың 26-27-сі күндері Өскеменде химия және биология пәндері мұғалімдерінің республикалық І съезі өтпек. Жалпы, оған бүкіл елімізден 500-ге жуық делегат қатысады .

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері «Семей көшелеріне есімдері берілген тұлғалар» атты кітапхана керуенін өткізді. Халқымыздың аяулы тұлғалары Шәкерім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Райымжан Мәрсеков атындағы көшелердің бойымен жүретін автобустардың қабырғаларына олардың өмір-тарихынан қысқаша деректер жазылып, ілінді.

Өскемендегі облыстық Достық үйінде «Ұлтаралық келісім және діни төзімділік – Қазақстан халқын біріктірудің маңызды факторы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған қатысушылар басты тақырыптан бөлек жалған діни ағымдар және тұрғындардың діни сауатын көтеру мәселесін де сөз етті.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив