KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Шығыста көрсеткіштер жыл сайын өсіп келеді

13.06.2012, 18:00 138


Шығыс Қазақстан облысында жалпы өңірлік өнім соңғы үш жылда 58 пайызға өсіп, 2011 жылы 1,6 триллион теңгеге жетті.

Өнеркәсіп өнімдері көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 64 пайызға өсіп, 791,1 млрд. теңгені құрады.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың оңды динамикасы жыл сайын Шығыс Қазақстан облысынан мемлекеттік бюджетке түсетін салық және басқа да түсімдердің өсуін қамтамасыз етіп отыр.

2009 жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 55 пайыз өсімді қамтыған.

2011 жылы мемлекеттік бюджетке 152 млрд. теңге түскен. 99 млрд. теңге республикалық бюджетке түсіп, оның 83 пайызы немесе 82 млрд. теңгесі субвенция түрінде қайта қайтарылған.

Егер 2009-2010 жылдары республикалық бюджетке түсімдер мен алынған субвенцияның көлемі бірдей деңгейде болса, ал 2011 жылы алынған субвенция республикалық бюджетке аударылған қаржыдан 17 млрд. теңгеге аз.

Ал 2012 жылы республикалық бюджетке 100 млрд. теңгенің түсімін аударып, 89 млрд. теңге субвенция алу жос-парланып отыр. Айырмашылығы – 11 млрд. теңге.

Облыс бюджетіне түсетін түсімдерді ұлғайту өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылы 24 мектептің құрылысы аяқталады. Өскемен қаласында қазақ драма театрының, мәдени-сауық орталығының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар қалалар мен аудандарда мұражайлар мен клубтар, кітапханалар, мәдени және шығармашылық үйлері, спорт нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив