KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Шарда «Бұрымды қыз – 2012» сайысы өтті

12.06.2012, 18:00 141


Шар қаласының П.Карелин атындағы орта мектебінде «Бариал» мектеп жанындағы жазғы лагерінде қыздар арасында «Бұрымды қыз – 2012» атты сайыс өткізілді.

Сайыстың «Таныстыру», «Өз өнерін көрсету» кезеңдерінде өздерін өлең арқылы таныстырып, саусақтары майысып, мың бұралып билеген қатысушылар көрермендер мен әділқазыларды тәнті етті. «Ұзын шаштың формуласы» атты жарнама уақытында әр қатысушы өздерінің шаш күтіміне арналған сусабындарын жарнамалады.

«Сән үлгісі» кезеңінде қыздар өздері әзірлеген киім үлгілерін көрсетіп, «Қолөнер шеберлігінде» тамақ әзірлеу, тоқыма тоқу арқылы шеберліктерін көрсетті.

Өте қызықты өткен сайыста әр қатысушыға «Бұрымды қыз–2012», «Өнерлі қыз», «Сымбатты», «Сүйкімді», «Көрікті» номинациялары бойынша әділқазылар кішігірім сыйлықтар табыс етті.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив