KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Директорлар сайысқа түсті

29.04.2012, 18:00 130


Бесқарағай ауданының Беген орта мектебінде «Үздік директор-2012» сайысы өтті.

Мектеп басшылары сайыс ережесіне сәйкес, өздерін таныстырып, мектептің даму жоспары мен қазіргі мектеп директорының моделін қорғады және тест сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, өнерлерін де көрсетіп бақты.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Семияр орта мектебінің директоры Р.Әбішева ие болса, 1-3-орындарға Кіші Владимировка, Канонерка орта және Қара мырза негізгі мектептерінің директорлары К.Алипова, Н.Беленкова және Г. Елемесова көтерілді.
Барлық қатысушыларға Семей қалалық мұғалімдер кәсіподағының төрағасы С.Ибраевтың Құрмет грамотасы табысталды және аудандық кәсіподақ атынан Астанаға екі жолдама және ақшалай сыйлықтар берілді.

altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив