KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

«Жылдың үздік тергеушісі» Шығыста

3.06.2012, 18:00 216



«Жылдың үздік тергеушісі» атағы үшін өткен республикалық сайыста облыстық ішкі істер департаментінің намысын Глубокое аудандық ішкі істер бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция капитаны О.Неустроева қорғады. Қатаң талаппен өткен сайыста Олеся шығысқазақстандық тергеушілердің мерейін үстем етіп, «Жылдың үздік тергеушісі» атағын жеңіп алып, жүлделі 1-орынға ие болды.

Облыстық ішкі істер департаментінің тергеушілері жақсы жетістіктерімен көрінуде. Жыл басынан бері облысымыздың тергеу бөліністерінің іс жүргізуінде 5140 қылмыстық іс болды. Оның 832-і ауыр және 127-і аса ауыр қылмыс түрлеріне жатады. 2016 қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталды. Оның ішінде 1254 қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жіберілді, 762 қылмыстық іс ақтамау негіздері бойынша іс жүргізуден тоқтатылды. Рақымшылық актісі бойынша 328 іс жүргізуден 1266 қылмыстық іс уақытша тоқтатылды. Қылмыстық ізге түсу органдарынан жасырынып жүрген 30 қылмыскерге іздеу жарияланды. Оның ішінде 8-і қылмыстың ауыр түрлерін жасаған азаматтар.

Облыстық ІІД тергеу басқармасының жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А.Ақтановтың басшылық етуімен, облыстық ІІД ТБ меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Т.Қайырбековтің және жедел-тергеу тобының тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде 2011 жылдың 28-желтоқсанында Өскемен қаласындағы «Академия Бильярд» клубында орын алған азамат А.Егінбаевтың өлімі ашылды.

2011 жылдың 13-қазанында Өскеменде орын алған, үлкен қоғамдық резонанс тудырған В.Проскуряковтың өлімі бойынша қылмыстық іс жүргізу аяқталып, сотқа жіберілді. Бұл қылмыс облыстық ІІД ТБ бастығының орынбасары, полиция майоры С.Шушеньковтың басшылық етуімен, тергеуші полиция аға лейтенанты Ш.Джинлосановтың және жедел-тергеу тобы мүшелерінің осы қылмысты тергеуде кәсіби шеберлік көрсетіп, сауатты әрекет етуінің нәтижесінде ашылды.
Тергеу ісінде Семей ІІБ-нің, Риддер ҚІІБ-нің, Күршім, Бесқарағай, Катон-қарағай, Зайсан, Үржар, Тарбағатай, Глубокое АІІБ-нің, Курчатов ПБ-нің тергеу бөліністері жоғарғы жетістіктерге қол жеткізуде.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив