KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
481.84 531.33 5.07

ШҚО полицейлері жыл басынан бері пәтер тонаған 26 қылмыстық топты ұстаған

21.06.2016, 18:00 222





Шығыс Қазақстан облысының полицейлері өңірде қылмыстық жағдайды тұрақтандыру бойынша мақсатты бағытталған нақты жұмыстар жүргізуде.

Жыл басынан бері ішкі істер органдары қызметкерлері 6 мыңнан астам қылмысты ашты. Қылмыстың 2%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар – 20%-ға, тонаулар – 19%-ға, қарақшылық шабуылдар 13%-ға, бұзақылық – 28 %-ға, алаяқтық қылмыстар саны – 25%-ға дейін азайған.

2016 жылдың басынан бері облыс полицейлері ұрлықпен айналысқан 35 қылмыстық топты ұстап, заңды жауапкершілікке тартты, оның ішінде 26 топ пәтер ұрлықтарымен және 9 топ мал ұрлығымен айналысқан.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері өткен жылдары жасалған 281 қылмысты ашты, іздестіруде жүрген 109 қылмыскер ұсталды. Заңсыз айналымнан 59 бірлік атыс қаруы тәркіленген.

Облыс полицейлері есірткімен байланысты 258қылмысты анықтады. Оның 74-і есірткі сатумен байланысты. Заңсыз айналымнан 54 келіден артық есірткі заттары алынған.

Тергеушілер және анықтаушылармен 6,3 мың қылмыстық істің өндірісі аяқталды. Полиция қызметкерлері азаматтардың жиыны 84 мың өтінішін қарады.

Халыққа қызмет етуге, олардың құқықтарын, бостандықтарын және тұрғындардың, қоғамның және мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға полиция қызметкерлері әрқашан міндеттілік алып келеді.

Дәурен Аллабергенұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив