KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

«Халық IPO» бағдарламасының тұсаукесері өтті

1.06.2012, 18:00 122


С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бас ғимаратында «Халық IPO» бағдарламасының тұсаукесері болып өтті.

Онда дәріс оқыған «Шығыс Қазақстан облыстық азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Мунира Абулова бағдарламаның қыр-сырын жан-жақты сөз етті.

Кампания мақсаты – Қазақстан Респуб-ликасы халқының қаржылық-инвесторлық білім дәрежесін көтеру, азаматтардың құнды қағаздар нарығындағы операцияларға қатысуға қызығушылығын тудыру, Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ нақты тапсыруымен жүзеге асырылатын «Халық IPO» бағдарламасының мақсат-міндеттерін түсіндіру.

«Самұрық – Қазына» еншілес және тәуелді мекемелерінің акцияларын биржаға шығару бағдарламасы («Халық IPO») республиканың Экономикалық даму және сауда министрлігі мен «Самұрық – Қазына» қорының бірлесуі нәтижесінде жасалған және жүзеге асырылуда. Алдағы төрт жыл ішінде (2015 жылға дейін) «Халық IPO»-ға біздің мемлекеттің
ең бай 10 компаниясы мен 160 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарлануда.

Тек біздің облыста ғана аталған бағдарламаның 29 қоғамдық лекциялары мен еңбек ұжымдарында 80-нен астам тұсаукесерін өткізу жоспарланған.

Бұл бағдарлама қазақстандықтардың жетекші отандық компаниялардың акционері болуына үлкен мүмкіндік тудырары сөзсіз. Мунира Абулованың сөзіне қарағанда, аталған ақпараттық кампания «Самұрық – Қазына» акционерлік қоғамының тапсырысы бойынша ұйымдастырылған көрінеді.

altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив