KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Семейге кардиохирургиялық құрал-жабдықтар әкелінеді

21.05.2012, 18:00 188



Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Вадим Овсянников Семейге жұмыс сапарымен келіп, бірқатар емдеу мекемелерін аралап, олардың басшыларымен жүздесті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Онкологиялық диспансерді аралап, салынып жатқан ядролық медицина орталығының жұмысымен танысты.

– Семейге жыл соңына қарай кардиохирургиялық құрал-жабдықтар әкелінеді. Семейлік мамандар Ресейдің Алтай өлкесі, Новосібір аймағымен байланысып, тәжірибе алмасуда. Бұл – аса құптарлық іс. Дегенмен, ана мен бала өлімі бойынша біздің өңір республикада сәйкесінше үшінші және алтыншы орында. Ал өкпе туберкулезінен біріншіміз өкінішке қарай. Сондықтан қолда бар деректерді сараптау арқылы мәселені шешеміз деп ойлаймын, – деді Вадим Овсянников.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив