KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
471.46 504.79 5.53

Қайырымдылық акциясынан түскен қаражат көктемгі егіс жұмыстарына жұмсалуда

14.05.2012, 18:00 208


Зырян қаласында «Жақсылық жаса» облыстық қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл акцияға «Қазцинк» акционерлік қоғамы және басқа да жергілікті кәсіпорындар мен мекемелер қатысты. Акция аясында қор шотына 1,5 млн. теңге қаражат түсті.

Негізгі қаражат облыс әкімдігінің қаулысы арқылы жыл сайын өтетін дәстүрлі «Ізгі ниет» облыстық қайы-рымдылық марафоны кезінде түседі. Бүгінгі күні марафон аясында 8 млн. 313 мың теңге қаржы жиналды.

Қаржы аударуда Семей қаласы бірінші (2 млн. теңге), Зырян ауданы екінші (1 млн. 500 мың теңге), Глубокое ауданы үшінші орында (1 млн. 400 мың теңге) келеді. Марафон жалғасуда. Акциядан түскен қаражат айналымда, шұғыл іске жұмсалуда.

Қазіргі уақытта аймақтық қор мамандары шағын несиені тұрмысы төмен азаматтарға көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай жүргізулері үшін беріп жатыр. Тек қана наурыз бен сәуір айларында аз қамтылған жандар өз жобаларын іске асыру бағытында 6,6 млн. теңге көлемінде 55 шағын несие алды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив