KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 0,4 м/с, В
465.52 498.2 5.45

RADIO ALTAY жаңалықтары - 15 мамыр 2012 жыл

14.05.2012, 18:00 105


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Cемейдегі бизнес колледжінде облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде тәжірибеге бағытталған технологияны жүзеге асыру» деген тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинарда еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңарту, жаңғырту барысы жөнінде айтылды.

Зырян қаласында «Жақсылық жаса» облыстық қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияға «Қазцинк» акционерлік қоғамы және басқа да жергілікті кәсіпорындар мен мекемелер қатысты. Акция аясында қор шотына 1,5 млн. теңге қаражат түсті. Қазіргі уақытта аймақтық қор мамандары шағын несиені тұрмысы төмен азаматтарға көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай жүргізулері үшін беріп жатыр.

Өскемендік өрт сөндірушілердің арнайы техникасына қала тұрғындары, тіпті көмек қажет болып хабарласқан азаматтардың өзі көлігін жолға қойып, кедергі келтіруде. Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы мен жол полициясы басқармасы тұрғын үйлердің аулаларын аралап, рейд жүргізді Олар тәртіп бұзушылармен күресті жалғастырмақшы. Егер қажет болса, әкімшілік шаралар қолданылады.

Көкпекті ауданы Самар ауылындағы «Дәншік» балабақшасы 40 жылдық мерейтойын атап өтті Қазір балабақшада 11 топ жұмыс істеуде. Оның сегізіндегі бүлдіршіндер мемлекеттік тілде тәрбие алады.

Семейдегі Абай атындағы музыка-драма театры Қытайға гастрольдік сапармен барады. Облыстық мәдениет басқармасының қызу қолдауына ие болған театр тарландары өз өнерлерін Алтай және Үрімші қалаларының тұрғындарына ұсынатын болады.

Өскемендегі «Ана мен бала орталығында» орта медицина қызметкерлерінің дәстүрлі мерекесі және халықаралық акушерлер күні қарсаңында ерекше салтанат болды. Аталған орталық ғимаратының алдында «Ғашықтар стелласы» ашылды.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив