KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

Өскеменде көлік иелері өрт сөндірушілерге кедергі келтіруде

13.05.2012, 18:00 206


Өскемендік өрт сөндірушілердің арнайы техникасына қала тұрғындары, тіпті көмек қажет болып хабарласқан азаматтардың өзі көлігін жолға қойып, кедергі келтіруде.

«Кей жағдайда арнайы техника жалын құшағындағы жерге шлакбаум мен басқа да кедергілер қойылуы себепті жете алмайды. Оның үстіне тұрғындар темір тұлпарларын есіктің алдына қояды. Олар егер өрт немесе басқа да төтенше жағдай бола қалса, осындай көліктердің кедергісінен уақыт жоғалып, өртке қарсы қызмет мандарының жұмысына тосқауыл болатынын, өртті ауыздықтауда және адамдарды қауіпсіз жерге көшіруде айтарлықтай қиындық туғызарын қаперге алмайды», - деді Өскемен төтенше жағдайлар жөніндегі басқармада.

Қалалық ТЖ басқармасы мен жол полициясы басқармасы тұрғын үйлердің аулаларын аралап, рейд жүргізді.

«Барлық тұрғын үйлердің аулаларында көлік қозғалысына кедергі келтіретіндей етіп көліктер қойылған. Тұрғындар кейде арнайы көлік тұрмақ, адам өте алмайды. Кейбір тұрғындар тіпті бетон және металл кедергілер қояды», - деп хабарлады ТЖ басқармасы.

«Таяу уақытта тәртіп бұзушылармен күресті жалғастырамыз. Егер қажет болса, әкімшілік шаралар қолданылады. Алайда әкімшілік шаралары аулаларда көлік қоятын арнайы жерлердің болмауы себепті нәтиже бермеуде, - деді Өскемен қалалық ІІБ Жол полициясы инспекциясы бөлімінің бастығы Алмаз Айтқазинов.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив