KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Шағын құс фермалары салынуда

3.03.2013, 18:00 118


Бесқарағай ауданының тұрғындары 32075 құс өсіріп жатыр. Өткен жылы мұнда 3 млн. 864 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Былтыр ауданда шағын құс фермаларын салып, іске қосу жұмыстары жүргізілді. Глуховка ауылдық округіндегі Старая крепость ауылында жеке кәсіпкер А.Титов былтыр қаңтар айынан бастап, өзінің шағын құс фермасында мың тауық өсірумен айналысуда. Өнім көлемі де ұлғайып келеді. Кәсіпкер Алтай өлкесінен құстардың асыл тұқымын әкеліп, үнемі жаңартып отырады. Ауылдағы аз қамтылған екі отбасын жұмыспен қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, Қарабас ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Т.Әлиев 2,5 млн. теңге несие алып, 500 құсқа лайықтап шағын ферма салды. Қазір 500 тауық сатып алып, өсіріп жатыр. Семияр ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер М.Рахымбаев 2,5 млн. теңгенің несиесіне 200 құсқа лайықтап шағын ферма салды.

Ресейдің Алтай өлкесіндегі «Участие» өндірістік бірлестігінен жеке кәсіпкер З.Боброва арқылы аудан тұрғындарына бес мың тауық, екі мың үйрек, алты мың балапан, екі мың қаз сатылды.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив