KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Риддерліктер боздақтар рухына тағзым етті

9.05.2012, 18:00 137


Риддер қаласында Ұлы Отан Соғысының 67 жылдық мерейтойына орай Батырлар ескерткіші жанында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, мектеп оқушыларының қатысумен салтанатты митинг өтті. Қала әкімі Манарбек Сапарғалиев пен қалалық мәслихат хатшысы Игорь Панченконың құттықтау сөзінен кейін жиналған қауім бейбіт өмір үшін күрескен Лениногор-риддерлік батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Батырлар ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Мерекелік концертке қаладағы ең үздік өнер ұжымдары мен жеке орындаушылар қатысты. Соғыс жылдарындағы әуендер шырқалып, соғыс және тыл ардагерлеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив