KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Темекі сұрап, таяққа жықты

3.05.2012, 18:00 219


Өскемен қалалық ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлерінің сауатты іс-әрекеттерінің нәтижесінде Глубокое ауданы Прапорщиково ауылының 24 жастағы тұрғынына қатысты адамдар тобымен жасалған бұзақылық ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жас жігіт әуежай маңында орналасқан дәмха-налардың бірінде демалып отырған. Аяғы төбелеске айналған жанжалдың басы әдеттегі «темекің бар ма?» дегеннен басталған. Бірнеше соққы жеген жігіт не болғанның байыбына бірден бара алмады. Тек есін жиған кезде ғана сырт киімінің қалтасынан ұялы телефоны ұрланғанын байқады.
Оқиға болған жерге келген «Боран-36» авто-патрулінің қызметкерлеріне жәбірленуші оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, күдіктілердің белгілерін де айтып берді. Сөйтсе, күдіктілер жақсы киінген жас жігіттер екені анықталды.
Қазір бұзақылық жасаған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды, егер кінәлары толық дәлелденетін болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив