KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 1 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Жаман қала

27.04.2012, 18:00 160


Біздің ауылда Қабен деген қария өмір сүрді. Осы Қабен атамыздың «әріптесі» Қадылхан дейтін ағамызды да жұрт ұмытқан жоқ. Ол кісі де «қиыстырып соққанда» шімірікпейтін еді. «Өтірікшінің куәсі жанында» деген ғой, ондайда екеуі бірін-бірі құптап, дем беріп отыратын. Соғыс кезінде Қиыр Шығыста болған Қадылханның әңгімесі көбінесе сол төңірекпен байланысып жататын еді.
- Бізді бір күні Биробиджан деген қалаға әкеліп түсірді, - деді ол бірде басын шұлғып тастап, - таулы жер екен...
- Иә, - деп қостай кетті өмірі Қойтастан шығып көрмеген Қабен, - қырат-қырат жаман қала...




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив