KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Әй, әй, әдебиетті қойыңдар!

23.02.2012, 18:00 104


Күршімдіктер жақсы білетін Көшімбаев Жұмағали деген ағамыз көп оқитын, әңгімешіл әрі әдебиет десе ішкен асын жерге қоятын азамат. Ол көп жылдар жол өндірістік учаскесінде автобус жүргізушісі болып еңбек еткен болатын.
Бірде сол мекеменің бір топ қызметкері автобуспен жолға шығады. Инженер болып істейтін Құмарбек алдыңғы орындықта өзімен қатар отырған Кәмалбек деген замандасына:
- Кәке, сені қорқытайын ба? - деген екен.
- Қалай қорқытасың? - деп таңырқайды анау, - өмірі ештеңеден қорқып көрген емеспін, бүгін талтүсте шошитындай не көрініпті маған?..
- Жарайды, ендеше, - дейді де Құмарбек рульдегі Жұмағалиға дауыстайды:
- Жүке, бес арысымыздың ортамызға оралып, халықпен қайта қауышқаны осы тәуелсіздігіміздің арқасы ғой, иә!
- Әрине, - деп анау қостай жөнеледі, - бұрын мұндайды емін-еркін насихаттай алдық па? Осының барлығы айналайын тәуелсіздігіміздің жемісі. Мәселен, «Қазақ әдебиетінің» соңғы нөмірінде...
Өзі ұнататын тақырыптағы әңгімеге шабыттана кіріскен Жүкең әрі-беріден соң жолға қарауды мүлде қойып, мойнын Құмарбекке толығымен бұрып алған күйі көсілсе керек.
- Әй, әй, әдебиетті қойыңдар! - деп ойбай салған екен зәресі зәр түбіне кеткен Кәмалбек, - оқыста жолдан шығып кетіп, әлегіміз аспаннан келіп жүрер...




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив