KZ
Өскемен
+17°
небольшой дождь жел 3,1 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Жергілікті жұрт «Арасан» атап жүрген «Рахман қайнары»

27.04.2012, 18:00 120


Өткен ғасырдың ортасына дейін жергілікті жұрт «Арасан» атап жүрген «Рахман қайнары» шипажайын Алтайдың жұмағы деп атауға да болады.

Облыс орталығы – Өскеменнен 460, бұрынғы аудан орталығы – Катоннан 115 шақырымдай қашық-тықта жатқан, теңіз деңгейінен екі мың метр биіктіктегі жұмағи шипажайдың екінші «тынысы» жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдары ашылған.

Ыстық қайнар көздердің емдік қасиетін Рахманов деген аңшы 1763 жылы ашқан. Ел аузындағы аңызға сенсек, ол саятшылық құрып жүріп, мылтығымен маралды жарақаттайды да артынан қуады. Жануар қашып отырып, осы суға кеп түскен екен. Күшін жоғалтқан жаралы марал біраздан соң әл жинап, қайнардан секіріп шығады. Осы кереметке куә болған аңшы судың бір ерекшелігі бар екенін түсінеді.

Ғалымдардың айтуынша, осы орындардың жерасты өзендері ем-дік радонға бай – радиобелсенді элементтердің таралу өнімі гранит-тің өте сирек минералдарында болады. Жерасты ыстық сулары буындарды, омыртқаны, жүйке тамырлары мен теріні, яғни, бүкіл адам ағзасын сауықтыруға аса пайдалы. «Жердің тым терең қабаттарынан шығып жатқан сулардың «есту» және «түсіну» қабілеті жетілген, сондықтан мұндай судың жанында тұрып былапыт сөйлеуге, қарғыс айтуға болмайды, айтылған сөздің бәрі де сол адамның өзіне айналып тиеді, ал оған қоқыс лақтырған адамды су жұқпалы аурулармен жазалайды» дейді қайнарды зертте-ген ғалымдар.

Кейбір ем алушылардың айтуынша, осы бір өлкеде түнгі аспаннан жарқылдаған шамдар, түрлі-түсті сәулелер жиі көзге шалынады екен. Ол қандай жарық? Қайдан пайда болады? Өкінішке қарай, бұл жұмбақтың сырын әлі ешкім ашқан емес. Мүмкін, бұл киелі мекеннің жеті қабат ғарыш кеңістігімен бір байланысы бар шығар... Кім білсін?

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив