KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Министр ұрыны ұстап берді

22.04.2012, 18:00 174


Францияның жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Лоран Вокье супермаркеттен үш бөтелке виски ұрлап бара жатқан ұрыны ұстап берді. Сөйтіп, саясаткер тапа-тал түсте ел қаптап жүрген дүкеннен ішімдікті пальтосының ішіне жымқырып, сауда залынан шығып үлгерген баукеспенің жолын кесті.

Министр ешкім байқамай қалған ұрының қарекетін күзетшілерге ескертіп, өзі де олармен бірге ұрыны қолға түсіруге ат-салысып бақты.
Аяқ астынан полиция бөлімінен бірақ шыққан ұры жігіт бұл вискилермен (үш бір-дей бөтелкемен!) «ауырып жүрген тамағын шаймақ болғанын» айтып, ақталуда. Қазір қамауға алынған ол өкініштен бармағын тістеп отырғанға ұқсайды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив