KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Себілетін тұқым сұрыпталды

12.04.2012, 18:00 123


Биыл Көкпекті ауданында ауылшаруашылығы дақылдары алқабының жалпы көлемі 4,3 пайызға арттырылмақ. Егістік үшін 5 мың гектар сүдігер жыртылған. «Өрнек», «Еңбек Агро» ЖШС-і, «Мәмбет», «Өнім», «Талап», «Рүстем», «Дүсіпов» шаруа қожалықтары ылғал сақтау технологиясы бойынша өңделетін жерлерді 42 мың гектарға жеткізуді көздеп отыр.

Тұқыммен қамтамасыз ету 101,1 пайызды құрайды. Тұќымның барлығы өнімділік сапасына тексерілген.
2012 жылы ауданның шаруашылықтары өнімділігі жоғары астық тұќымдарын егуді жоспарлап отыр. Көктемгі егіс науқанына «Восток Мұнай Сервис», «Жаңғызтөбе нефтебаза» ЖШС операторлары арқылы төмендетілген бағамен 2520 тонна дизель отыны бөлініп отыр.

2012 жылы ауданның ауылшаруашылығы құрылымдарына республикалық бюджеттен көктемгі егіс жұмысы мен күзгі ораққа арзандатылған жанар-жағармай және басқа мақсаттар үшін 181 миллион теңге субсидия бөлінген. Минералдық тыңайтќыштарға 18,2 миллион, гербицидтерге 5,5 миллион теңге бөлінді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив