KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Өскеменде әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру қолға алынды

1.04.2012, 18:00 215


Өскеменде бірнеше әлеуметтік азық-түлік дүкені көзбояушылықпен айналысып келеді. Өткен жиында облыс әкімі осылай деп бірнеше әлеуметтік дүкендерді сынға алған еді. Содан бері қаулы шығып, облыстық ардагерлер алқасы арасынан әлеуметтік тұрмыстық комиссия құрылды.

Комиссияның мақсаты- халық тұтынатын азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Осы мақсатта облыстық ардагерлер кеңесі рейд ұйымдастырды. "Облыста әлеуметтік дүкендер бар екенін халық біле бермейді. Себебі біз аралағанада баға төмен біз кеткесін өзгеріп шыға келеді", - деп облыс әкімі қатаң сын айтқан дүкендердің бірі "Жәрдем". Арада апта өтпестен дүкенге рейд жасалынды. Сынан қортынды шығып, дүкендегі баға тұрақталыпты.

Бақыт Тәкенова, қала тұрғыны:

- Мен осы жерде жиі келіп тұрам,өйткені арзан бағалар мені қанағаттандырады.

Гүлжанат Бейсова, қала тұрғаны:

- Бағаларын өсірмейді-өзімнің көңіліме ұнаған ет алам, өз мамандығым мал дәрігері болғандықтан ет жағдайын жақсы түсінем.

Комиссия мүшелерінің айтуынша Өскеменге келетін тауар өнімдерін әлеуметтік сауда нысандары делдалсыз қабылдап алады. Сатушылар өз өнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсынады.

Сайлаухан Аухадиев, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

- Облыс әкімінің шешімімен тұрақтандыру қоры құрылған.Яғни өндірушіден арзан бағамен сатып алынып,оларды тиісті қоймаларда сақтап,арзан бағамен халыққа біз сияқты пенсионерлерге,еңбек ақысы аз адамадарға өте пайдалы.

Сыннан қортынды шығарған қаладағы бірқатар әлеуметтік дүкендердің бірен-сараны ғана бағаны ауыздықтаған. Ал кейбіреулері арнайы коммисияның өзіне ырық бермек емес. Айына екі рет әлеуметтік дүкендерде рейд жасалып тұрады. Облыстық ардагерлер кеңесі дүкен сөрелерінде анықтаған бағаларды қағазға түсіріп, әкімдікке тапсырады. Осылайша бағаны тұрақтандыру жолындағы шараларды қоғамдық ұйымдар өкілдері да қолға алды.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан телеарнасы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив