KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
447.25 485.18 4.96

«Аспанның аясында ән шалқытқан» атты кеш

29.03.2012, 18:00 117


Абай қорық - мұражайында ақын, сазгер, әнші, ұлы Абайдан тағылым алған талантты шәкірті Әсет Найманбайұлының туғанына 145 жыл толуына орай «Аспанның аясында ән шалқытқан» атты әдеби кеш өтті.
Әсет Найманбайұлы бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8 - ші ауылда (қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған.

Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен Мақаншы ауданындағы Бақты ауылына көшіп барады. Осында Әсетті медреседегі оқуға береді. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт- бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе жүргенде - ақ ақындық таланты ашыла бастайды.
Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлеңдерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлеңдер болды.

Әсеттің ақындық, әншілік өнер жолында үлгі - өнеге алған ұстазы Абай. Әсет 1889 жылдан бастап ұлы ақынның ауылында болып, Абайдан тәлім - тәрбие алған талантты шәкірттерінің бірі. Абайдың өлең мен ақындыққа жүктеген талап – шарттарын мүлтіксіз орындайды. Абайдың үлгі - өнегесімен орыс ақын - жазушыларын оқып, А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударады.
Әсет ақынның әдеби мұрасы сан қырлы. Оның құрамына лирикалық өлеңдері, дастандары, аудармасы, әндері мен айтыстары кіреді.

Әсет – нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын. Әсет ақындық жолды ерекше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам.
Әсет оқиғалы сюжеттік поэмалар жазған эпик ақын. Әсеттің «Шеризат», «Үш жетім қыз», «Жамсап», «Қызыл табан - ағаш ат», «Салиха – Самен» тағы басқа поэмалары халық арасына кең тараған.

«Аспанның аясында ән шалқытқан» атты әдеби кешті Абай мұражайының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әубакір Жандос ашты. Әсеттің өмір жолы, шығармашылығы, лирикасы, ән мұрасы , Абай мұражайы қорындағы Әсетке қатысты материалдар туралы баяндамалар тыңдалды.
Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив