KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Ақындық сыныптың іс-тәжірибесі таратылды

15.01.2013, 18:00 129


Жуықта Абай ауданының Қарауыл мектеп гимназиясы жанындағы жергілікті ақын Төлеген Жанғалиев жетекшілік ететін «Ақсұңқар» ақындық сыныбының іс-тәжірибесін насихаттауға арналған өңірлік семинар өткізілді.

Өскемендегі «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға облыстың бірқатар аудандарынан ұстаздар мен талапкер оқушылар қатысты.

Семинарда алғашқы сөзді Абай аудандық оқу бөлімінің басшысы Мақсат Нұрсұлтанұлы алып, ақындық сыныптың құрылу тарихымен таныстырса, сынып жетекшісі, ақын Төлеген Жанғалиев өздерінде атқарылған жұмыстар мен осында тәрбиеленген шәкірттер туралы байыппен әңгіме қозғады.

Әсерлі жиын соңында қонақтарға аталған ақындық сыныбының іс-тәжірибесі жинақталған кітапша таратылды. Сондай-ақ, қонақтар ақын Төлеген мен оның шәкірттерінің шығармашылығына арналған көрмені қызыға тамашалады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив