KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,3 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Семей жастары сенбілікке шықты

29.03.2012, 18:00 153


«Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен Семейдің Затон ауданында сенбілік өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да қатысқан шара барысында жастар белсенді жұмыс істеп, арықтарды тазалады.

Сонымен қатар аталған ауданда төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері еріктілер жасақтарына су тасқынының алдын алу және жою жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шараның мақсаты - Семей қаласының көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмысымен танысу, қар еріген жағдайда төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастыру болып табылады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив