KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ҚР-да аймақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру үшін 2012 жылға 14 млрд. теңге қарастырылған - С.Ахметов

28.03.2012, 18:00 208


Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының аясында ҚР бірінші вице-премьері Серік Ахметов Риддер қаласының дамуымен және тіршілігіменк танысып өтті.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев С.Ахметовты 525 көппәтерлі және 1 689 жекеменшік тұрғын үйден құралған қаланың тұрғын үй қорының жағдайы туралы хабардар етті. 2013 жылы Риддерде металлургиялық зауыт құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл жаңа 1000 жұмыс орнының құрылуына жол ашады. Осыған байланысты аймаққа еңбек күштерінің ағымын баспанамен қамтамасыз ету үшін жаңа үйлерді салу қажет болуда.

С.Ахметов танысқан келесі нысандар қатарында «Инфросервис» МКК-ның су тазалау жабдықтары мен Хариузов ГЭС-ы болды.

Сонымен қатар бірінші вице-премьер «Қазмырышмаш» ЖШС кәсіпорнында болып, мұнда шағын қалаларды дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. С.Ахметов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет шағын қалаларды дамыту бағдарламасын жасап жатқанын, оның 27 қатысушысы анықталғанын және ағымдағы жылдың өзінде-ақ оларды дамытуға 6 млрд. теңге бөлу қарастырылып отырғанын атап өтті. Сонымен бірге аймақтарды дамыту бағдарламасы да әзірленетін болады, соның аясында 2012 жылға 14 млрд. теңге бөлу қарастырылған.


Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив