KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Риддерде С.Ахметов қала активімен кездесті

27.03.2012, 18:00 135


Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Риддер қаласы активімен кездесті.

Кездесуде аймақтың түйінді мәселелері көтерілді, Риддер сияқты моноқалаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Ахметов моноқалаларды дамыту – бұл өңірлік саясаттың артықшылығы екенін атап өтті, бұл – ең алдымен мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы.

Сонымен, Риддерде таяу уақытта көшелерді жарықтандыру, иесіз қалған нысандарды бұзу, сумен жабдықтау нысандары мен жолдарды жөндеу жоспарлануда.

«Өмірлік маңызы бар негізгі нысандарды толығымен қайта құрылымдау жоспарда қарастырылған. Қазір Риддерде инфрақұрылмдарды жақсарту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жұмысын жандандыру мүмкіндігі пайда болды. Біз бұл тек мемлекеттің ғана ісі емес екенін түсінуге тиіспіз, Риддердің қала жасаушы кәсіпорны бар – ол Қазцинк», - деп атап өтті С.Ахметов.

Премьер-министрдің орынбасары уәде еткендей, бизнес пен мемлекеттің күш біріктіруінің арқасында бұл моноқалалардың барлық проблемалы мәселелері шешіледі.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив