KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С. Ахметов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келеді

27.03.2012, 18:00 134


Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс сапарының бірінші кезеңінде С. Ахметов Риддерде болып, қаладағы тұрғын үй салу бағдарламасымен танысады, «Қазмырышмаш» мекемесін және энергетикалық нысандарды аралайды.

Сондай-ақ активпен болатын кеңесте шағын қала Риддерді дамытудың мәселелері талқыланбақ.

Кейін С. Ахметов Өскемен қаласына барады. Ол облыс орталығында «Май дақылдарының тәжірибелі шаруашылығы» сүт-тауарлы фермасының жұмыс барысымен танысады, 16-шы шағынауданды аралап, «Қолжетімді баспана» бағдарламасын іске асырудың дайындығын талқылайды.

Сонымен қатар Ертістегі көпірдің өтпе жолын, терможаңғырту нысандарын қарастыру, «АзияАвто» мен Согра ЖЭО зауыттарын аралау жоспарлануда.

Кешке қарай облыс әкімдігінің мәжілісінде экология және өңірдің басқа да мәселелері талқыланады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив