KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Шыңғыстың шығар биігі алда

26.03.2012, 18:00 237


Семейде «ISKAKOV DOJO» спорт клубының ашылуына төрт жыл толуына орай, облыстың барлық аудандары мен қалаларынан балалар мен жасөспірім каратэшілер қатысқан кекушинкай-каратэден II ашық біріншілік өтті.

Сайыста 20 келі салмақ дәрежесіндегі балалар арасынан аягөздік бес жасар каратэші Шыңғыс Серіков қарсылас шақ келтірмей бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар қыздар арасында өз салмағы бойынша екінші орынды аягөздік Әдия Дарханқызы мен Кәмила Дарханқызы еншілесе, үшінші орынды Еркежан Қуанышбай мен Аяжан Серікқали жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздарын Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің ректоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Шырын Құрманбаева құттықтап, арнаулы медальдармен және дипломдармен марапаттады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив