KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Ғарыш кеңістігі қоқысқа толып барады

14.02.2012, 18:00 233


Жапонияның Ғарыш Агенттігі мен Nitto Seimo Co компаниясы бірігіп, ғарыш кеңістігінде қалықтап ұшып жүрген “қаңғыбас” жасанды жер-серіктер мен апатқа ұшыраған ғарыш аппараттарының жарамсыз бөлшектерінен арылудың әдісін ойлап тапты.

Ғарыштағы қоқыстар кез келген уақытта жұмыс істеп тұрған жасанды жер серіктерін немесе халықаралық ғарыш станциясын зақымдап, тас-талқанын шығаруы мүмкін. Сондықтан жапондықтар аспанда ғарыш аппараттарының сынық темір-терсектерін ауламақ. Қызық жобаға сенсек, жасанды жер серігіне жалғанған жұқа темір тор керексіз қоқыстарды аулайтын болады. Электр тогынан туындайтын магнит өрісін пайдалану арқылы темір торды жинаған қоқыстарымен бірге Жерге тартып алуға болады екен. Жер атмосферасына енген сәтте қоқыстардың арасындағы жанатындары жанып, балқитындары балқып, адам аяғы баспайтын жерлерге құламақ.
– Ғарыш кеңістігі жыл өткен сайын қоқысқа толып барады, – дейді мамандар. Егер тиісті шаралар қолға алынбаса, алдағы уақытта ғарышқа ұшудың өзі қауіпті болуы ғажап емес.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив