KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

"Майқапшағайдан" радиациялық қауіпі жоғары жүк анықталды

29.01.2019, 03:29 129

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты «Майқапшағай» кеден бекетінің қызметкерлері Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына жүк енгізу барысында қырағылық танытып, радиациялық фонның шектен асуының алдын алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


25 қаңтарда «Майқапшағай» кеден бекеті арқылы Қытай Халық Республикасынан «ұсақтауға арналған керамикалық шарлар» тауарын әкелу барысында «Янтарь-1А» автоматты радиациялық бақылау жүйесінің көмегімен радиациялық фонның деңгейі бірден 3,4 есеге артқаны айқындалған.


Бұл жөніндегі нақты ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстық департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасы хабарлап отыр.


Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған тауарды тасымалдаған жеті автокөлік құралы, жалпы салмағы 158 875 келі жүк шұғыл арада ҚХР аумағына кері қайтарылған.


Атап өтерлігі, аталған кеден бекетінің заманауи техникалық жабдықталуының арқасында ондағы қызметкерлер еліміздің аумағына радиациялық қауіпті жүктің әкелінуіне осымен бірнеше рет тосқауыл қойып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив