KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.38 531.63 5.27

Наурыз көже қалай жасалады?

19.03.2012, 18:00 295



- Наурыз көженің даярлану әдісін білгім келеді.

Ақмарал Рахметова, Өскемен

Наурыз көже - Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.

Құрамы: 1 келі ет, қазы-қарта, 100 грамм бидай, 100 грамм күріш, 100 грамм жарма (перловка), 100 грамм тары, тұз, 3 литр су, 1 литр айран немесе езілген құрт.

Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатыңыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып, 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Татымына қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға айранмен немесе құртпен қосып араластырыңыз.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив