KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Наурыз тойы басталып кетті

18.03.2012, 18:00 82


Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Наурыз – түркі әлемі халықтарының мерекесі» атты кеш болып өтті.

Бұл күні облыстық кітапхананың шағын залына халық лық толды. Олардың қатарында мектеп оқушылары мен ұстаздар, оқырман қауымы мен қаладағы №5518 әскери бөлімінде өзінің Отан алдындағы міндетін өтеп жүрген жауынгерлер бар. Жалпы, БҰҰ Бас Ассамблеясы наурызды әлемдік мереке ретінде белгілегені баршаға аян. Әз-Наурыз енді бір ұлттың немесе мәдениеттің мерекесі ретінде ғана емес, бүкіл адамзат мұрасының құрамдас бір бөлігі ретінде аталып өтілетін болады. Наурызға арналған мерекелік кештің көрігін облыстық Достық үйіне қарас-ты әртүрлі этномәдени бірлестіктері-нің өкілдері тіпті қыздыра түсті. Қазақ, әзірбайжан, татар, өзбек тілдерінде наурыз жайында әдемі әндер шырқалып, би биленді. Сондай ақ, кітапхана фойесінде ұйымдастырылған «Наурызым – жүректерге нұр сепкен» атты кітап көрмесі де келушілердің қызығушылығын туғызды. Облыстық кітапханада дәстүрлі мерекелік бағ-дарлама наурыздың 28-іне дейін жалғаспақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив