KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
443.44 480.51 4.88

Хиросима мэрі Қазақстанның бірнеше қаласының «Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымына мүше болуына орай құттықтау жолдады

17.03.2012, 18:00 116


Курчатов қаласында өтіп жатқан «Ядросыз әлем үшін жаңа ұрпақІ» атты халықаралық конференцияда Белгияның Ипр қаласының мэрі, «Болашақ-2020» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Люк Деане Хиросима мэрі Матсуи Касумидің форумға қатысушыларға арнаған үндеуін оқып берді.

«Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымының президенті Матсуи Касуми мырза жеделхатында 1945 жылғы 6 тамызда тасталған атом бомбасының 140 000 адамның өмірін қиып кеткендігін, оның зардабын айта келе, «Қазақстанның осыдан 20 жыл бұрын Семей полигонын жапқандығын, «бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл шешімі халықаралық қауымдастық таратынан үлкен құрметке ие болды»,-деген.

Еске сала кетсек, 17 наурызда Курчатовта Люк Деане 12 қазақстандық қаланың әкіміне сертификат тапсырды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив