KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

АҚШ пен Иран соғысса Қазақстанға қандай әсері болмақ?

15.03.2012, 18:00 176


«Егер Теһран айтқанға көнбей, ядролық бағдарламадан бас тартпайтын болса, онда соңғы жол - соғыс» деседі Батыс сарапшылары. Расында, Батыс пен Иран арасында ұзаққа созылған соғыс бастала қалса, ол елмен көрші отырған мемлекеттерге де қауіп төнері анық. Демек, Иранмен Каспий теңізі арқылы шекараласып жатқан Қазақстанда одан тыс қалмасы белгілі. Парсы шығанағындағы соғыстың Қазақстанға әсері қандай болмақ? Кеше Алматыда дөңгелек үстел үстінде бас қосқан саясаттанушылар осы мәселені ортаға салды.

Иранның ядролық бағдарламасына байланысты осы елмен Батыстың арасындағы жағдай күннен-күнге ушыға түскені белгілі. Тіпті, Израиль АҚШ пен бірігіп, «Иранға әне-міне басып кіреді» екен деген қауесет те жетерлік. Израиль билігі АҚШ-қа ескертпей-ақ кез келген уақытта Иранның ядролық нысандарын соққыға алатынын да мәлімдеп үлгерді. Дегенмен Вашингтон әлі де туындаған күрделі мәселені дипломатиялық жолмен шешу керек деген ұстанымда. Оның үстіне экономиялық құрсау қою тағы бар.


Досым СӘТПАЕВ, саясаттанушы:


- Егер АҚШ пен Иран арасындағы жағдай асқынып, арты соғысқа ұласатын болса, біздің елге тікелей қатер төндірмесе де, жанамалай әсер етері анық. Себебі ұзаққа созылған қанды қырғынның кесірінен қашқан-босқындар Түрікменстан, Өзбекстан арқылы Қазақстанға да лап қояры түсінікті. Бұл еліміздегі АҚШ азаматтарына және осында орналасқан сол елдің мұнай-газ компанияларына қарсы лаңкестік әрекеттер белең алуы ықтимал. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Тағы бір мәселе, Иранда ядролық қару болып жатса, ол да артықтық етпейді. Бұл қарсыластарынның мысын басып тұру үшін қажет. Мәселен, Солтүстік Корея ешкімге шабуыл жасап отырған жоқ. Бірақ алапат қаруы болғандықтан онымен кімде болса санасады.

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:


- Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына байланысты түрлі халықаралық құрсаулар салынуда. Ал дәл осындай бағдарламасы бар өзге елдерге келгенде ешкім үндемейді. Бұл не сонда? Санкцияларға пәрмен беріп отырған БҰҰ осылайша екіжүзділікке барып отырған жоқ па? Егерде соғыс бола қалғанның өзінде, Қазақстанға тікелей қауіп-қатер төнеді деп айтуға болмас. Бірақ әлемдік рынокта мұнай мен газдың бағасы аспандап шыға келері анық.

Мәлiметтiң көзi: Айқын




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив